"Шығысэнерготрейд" ЖШС мен облыстық аймақтық энергетика компаниясы қызметкерлері Өскеменде құс ұяларын орната бастады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Қанаттылардың панасының пішіні ерекше. Жем шашуға арналған ақыры да бар. Ұялар қаладағы саябақтар мен үй аулалардағы тал-дарақтарға ілінді. Халықты энергетикамен қамтып отырған мекемелер құстарды да аязда қалдырмаймыз дейді.
"Ұя арқанжіппен мықтап байланған. Ол құстардың бұрынғы ұясындай емес, қауіпсіз. Құлап кетпейді және тентек балалар бұза алмайды", – дейді аталмыш мекеме қызметкері.
Орнитологтар қала халқын құстарға жем шашып, аяздардан аман шығуына жәрдемдесуге шақырып, жылда дабыл қағады. Бәлкім энергетиктер бастаған мұндай қайырымды істі басқа да кәсіпорындар іліп алып кетер.