Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жария болғандай, 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сі шекті тариф өзгерту туралы шешім қабылдаған.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, былтыр еліміздегі энергетикалық активтердің тозуы көрсеткіші 53%-ды құраған.
"Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты электр станцияларында жүргізіліп жатқан жөндеу компанияларының сапасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Өкінішке қарай, шекті тарифке салынған жөндеу науқанына жұмсалатын шығындардың рұқсат етілген деңгейі қажеттілікті толық көлемде өтемейді, – деді Қайрат Рахимов.
Оның дерегінше, толық қаржыландырылмаудың салдарынан 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесінде 4 458 технологиялық ақау тіркелгегн.
Қанат Махамбет