ЕО еуропалық әуе компанияларына Беларусь үстімен ұшуға тыйым салды

859

26 мамырда Украина бұл елмен әуе байланысын үзу туралы шешім қабылдады.

ЕО еуропалық әуе компанияларына Беларусь үстімен ұшуға тыйым салды Фото: reuters.com

Еуроодақ елдерінің өкілдері еуропалық әуе компанияларына Беларусь үстінен жүзеге асырылатын рейстерге тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар беларусьтық әуе компанияларына еуропалық блоктың үстінен ұшуға және одақтың әуежайларына қонуға ресми түрде тыйым салынады. Бұл шешім 5 маусымнан бастап күшіне енеді. Ресей мемлекетінің өкілдері бұған дейін жаңа санкциялар енгізілген жағдайда Беларусьты қорғауға дайын екенін білдірген болатын.

26 мамырда Украина бұл елмен әуе байланысын үзу туралы шешім қабылдады. 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

NEXTA Telegram каналының негізін қалаушы және бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич 2020 жылы Беларусьтағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын мойындады. Бұл мәлімдемені ол мәлімдемені жергілікті арналардың бірінде жасады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу