"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" – eoz.kz порталын таныстырды.
Аталмыш портал еліміздің 5 негізгі сатып алу алаңын біріктіреді. Бұл бұдан былай бизнес өкілдері көлемі 10 трлн теңгені құрайтын нарықты бақылап отырады деген сөз.
Жаңа портал сатып алулардың транспаренттілігін жоғарылату және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін азайту үшін құрылған.
"Сатып алулардың бірыңғай терезесі" порталы арқылы бизнес өкілдері сатып алу географиясын кеңейте алады. Сонымен қатар барлық алаңдар бойынша таңдалған тауар, көрсетілген қызмет сынды ақпаратқа қол жеткізеді. Мұның барлығы кәсіпкерге 100-ден астам тауарлық позицияны назарда ұстауға жағдай жасайды", – деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.
Оның сөзінше, портал ең ірі тапсырыс берушілер мен жеткізушілерді зерттеуге және бәсекелестерді бағалауға мүмкіндік береді.
Қанат Махамбет