Сұхбат барысында билік үшін де, халық үшін де қандай қиындықтар болғанын еске алды.
Айтуынша, халықтың қазір жауапкершілігі артқан, "өмірге деген көзқарасы өзгерген".
"Індеттің алғашқы кезеңінде адамдар өз денсаулығына және жанындағы адамдардың денсаулығына немқұрайлы қарады. Мысалы, екінші толқынның ең қауіпті кезеңі болған 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін 7 мың азаматымыз шетелге демалысқа шығып кетті. Олардың 85%-ы елге қайтқанда коронавируспен ауырып оралды. Біздің отандастарымыздың кетуін талап еткен қаншама елде жанжалдар болды", – дейді Тоғжанов.
Айтуынша, сол азаматтарды елге жеткізу үшін 272 чартерлік, 22 арнайы авиациялық рейстер, пароммен 50 рейс, 40-тан астам автобус рейстерін ұйымдастыруға тура келген.
"Қаншама мерекелік іс-шара жасырын, жұртты артқы есіктен кіргізіп өткізілді? Бұл – негізінен адам түсінуге болмайтын жағдай, өзіне және басқаларға деген қастандық деуге болады. Жасырын мерекелерге қатысқандардың 80%-ы біраз уақыттан кейін ауруханаға түсті. Осы уақытта өлім-жітім де жоғары болды. Адамдар өз өмірін және басқалардың да өмірін қатерге тікті. Біздің алдымызда осы қарапайым шындықты түсіндіру, халыққа жеткізу мақсаты тұрды", – дейді премьер-министрдің орынбасары.