Халықбанкке қарсы санкция салу – негізсіз әрекет. Түркияның Президенті Ердоған осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.
АҚШ-тың әділет министрлігі осы елдің мемлекеттік банкін алаяқтықпен айналысқан және ақша жылыстатуға қатысы бар деп айыптады. Нью-Йоркте осыған қатысты іс қозғалды.
Америкалықтардың сөзіне сенсек, Halkbank арқылы Иранға 20 млрд доллар аударылған. Осы елге қарсы санкция күшейгеніне қарамастан, Түрік үкіметіндегі шенділер байланысқа ықпал етіп, миллионнан аса пара алған.
"АҚШ-тың маған, менің отбасыма, менің әріптестеріме қарсы жасаған әрекеті Түркияға деген сый-құрметтің жоқ екенін аңғартады. Банкке қарсы жасалған шектеу де заңсыз. Әлдеқашан жабылған істі қайта ашқанды
түсінбеймін. Олардың қандай шешімге келетінін көрейік, сосын біз де қарап қалмаспыз",– дейді Реджеп Тайып Ердоған.