Армениядан басқа елдерде квота былтырғы деңгейде қалды. Бұл туралы комиссияның сауда блогынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Армения келесі жылға сиыр етіне 11,3 мың тонна көлемінде квота алды, бұл биылғы квотадан (бес мың тонна) екі есе артық. Құс етін әкелуге квота 39,1 мың тоннаға дейін ұлғайды (2022 жылы - 36 мың тонна).
Ресейде квота биылғыдай сиыр етіне - 570 мың тонна, құс етіне - 364 мың тонна болады. Онда шошқа етінің импорты квоталанбайды. ДСҰ алдындағы міндеттемелерге сәйкес, 2021 жылдан бастап квота 25% мөлшеріндегі бажға ауыстырылды.
Беларусь елінде шошқа етін әкелуге арналған квотаның мөлшері 20 мың тонна деңгейінде қалады. Бұрын республика квотаны екі есе ұлғайтуды ұсынған. Құс етін әкелуге квота мөлшері де өзгерген жоқ - 10,9 мың тонна. Ірі қара малдың етін жеткізу квоталанбайды.
Қазақстанға сиыр етін әкелуге 21 мың тонна, құс етін әкелуге 140 мың тонна квота белгіленді.
Қырғызстанға сиыр етінің импортына бес мың тонна, шошқа етінің импортына - үш мың тонна (биыл - 3,5 мың тонна), құс етінің импортына-58 мың тонна квота берілмек.
Сарысуды әкелуге Квота Армения үшін 1,2 мың тонна көлемінде (2022 жылы - 0,5 мың тонна) және Ресей үшін 15 мың тонна көлемінде (осы жылдың деңгейінде) белгіленді. ЕАЭО-ның қалған елдерінде сарысу әкелу квоталанбайды.
"Еуразиялық экономикалық одақта биыл өнім өндіру мен тұтыну көлемі арасында теріс айырмашылық болуы мүмкін. Шамамен, ірі қара мал етінде - 177,3 мың тонна, шошқа етінде - 62,3 мың тонна, құс етінде – 242,2 мың тонна, ал сүт сарысуында – 14,6 мың тонна айырмашылық болады деген болда бар", - деп хабарлады комиссияның сауда блогынан.