Сенатта "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң мақұлданды.
Депутаттардың назарына 2022 жылғы 20 қазанда Ереван қаласында жасалған Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы Келісімді ратификациялауға бағытталған Заң ұсынылды.
Осы Келісімді жасау мүше мемлекеттердің экспортты қолдаудың бірлескен шараларын, оның ішінде сақтандыру жолымен қолдануды көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-тармағын іске асыру болып табылады.
Келісім құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін айқындайды.
Компанияның функцияларын және Жарғылық капиталға қатысу үлестерін төлеу тәртібін бекітетін компанияның Жарғысы келісімнің ажырамас бөлігі.
Аталған компания келесі мәселелерді шешуге көмектесу үшін құрылған:
- өзара сауда және инвестициялар көлемін ұлғайтуға;
- компанияға қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграцияны дамытуға;
- инвестициялық тартымдылықты арттыруға және қатысушы мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге;
- компанияға жаңа қатысушылардың кіруі үшін ашықтық қағидатына сәйкес халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға.
"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл бағытты дамыту тек ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік одақтар мен бірлестіктер шеңберінде де жүзеге асырылады. Сондықтан осы бағыттағы интеграциялық процестерді дамыту Еуразиялық экономикалық одақ үшін де өзекті. Әсіресе, геосаяси тұрақсыздық пен дағдарыс құбылыстарының көріністері жағдайында. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру Одақтың жекелеген елдерінің экспортын қолдау мақсатын көздемейтінін, бірақ өзара сауданы ынталандыруды және үшінші елдерге шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуды көздейтінін түсіну қажет", – деді баяндама жасаған Сүйіндік Алдашев.
Қаралып отырған келісімді ратификациялау Қазақстан үшін бірқатар мүмкіндіктер ашады.
Осылайша, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру отандық экспорттық сақтандыру компаниясына Ресейге, Беларуське, Арменияға және Қырғызстанға экспортқа байланысты сақтандыру тәуекелдерінің 20 пайызына дейін жаңа ұйымға беруге мүмкіндік береді.
"Осының арқасында қазақстандық компаниясы үшін қосымша сақтандыру міндеттемелерін қабылдау және нәтижесінде отандық экспорттаушыларға көбірек қолдау көрсету мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауы бойынша, Одақ ішіндегі өзара сауданың әлеуетті өсуі 6 миллиард АҚШ долларынан асуы мүмкін", – деді депутат.