Филиппинде "Каммури" дауылы жақындап келе жатуына байланысты мыңдаған тұрғын қауіпті аймақтардан көшірілді.
Мамандар дауыл жағалауға жексенбі күні кешке немесе дүйсенбі таңға қарай жетуі ықтимал деп отыр. Дауылдың әсерінен нөсер жаңбыр жауып, жылдамдығы сағатына 170 шақырымды құрайтын екпінді жел соғады.
Билік өкілдері елде 30 қараша мен 11 желтоқсанға жоспарланған Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарын өткізуді кейінге шегеру мәселесін қарастырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу