Fitch агенттігі "Бәйтерек" холдингісінің рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады

888

Fitch агенттігі "Бәйтерек" холдингісінің рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады

Fitch Ratings рейтингілік агенттігі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ рейтингілерін "ВВВ" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарламасына сәйкес эмитет дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) "ВВВ" деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг "AAA(kaz)" және қысқа мерзімді РДЭ "F2" шетелдік валютасында.

 Холдингтің рейтингілері Қазақстанның тәуелсіз рейтингілерін көрсетеді.

"Fitch пікірі бойынша "Бәйтерек" холдингі Қазақстанның экономика және инновациялық дамудың шикізаттық емес секторларын әртараптандыру және қолдау, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үй беру арқылы экономикалық даму бойынша саясатын іске асыруда аса маңызды рөл атқарады", - делінген хабарламада.

Fitch "Бәйтерек" холдингісінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигацияларының "BBB"/"AAA(kaz)" деңгейлеріндегі рейтингісін растады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу