Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэні еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелермен, сондай-ақалдағы уақытта екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөніндегі пікірлермен алмасты.
Дипломаттар тараптардың жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге өзара ынталарын атап өтті.
Кездесу соңында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ф.Мартинэге екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.