Франция Қазақстанды көміртекті бейтарап етпек

392

TotaL Eren француз компаниясы, қазақстандық акционер компаниялар — "Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Бейбітшілік атты жобаны жүзеге асыратын арнайы компания құруды жоспарлап отыр. 

Франция Қазақстанды көміртекті бейтарап етпек Фото: inbusiness.kz

Бейбітшілік жобасы көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына кемінде 2 миллион тоннаға азайтуға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бүгін Сенат отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы Арнайы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды.

Қазақстан Париж келісімін ратификациялаған және 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптық стратегиясын қабылдаған Орталық Азиядағы бірінші ел болды. Ал қуаты бар болғаны 300 МВт энергияны жинақтауға мүмкіндік беретін қуаты 1 ГВт жел гибридті электр станциясын салудың ауқымды жобасы жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуды жалғастырады және Қазақстанға орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Электр станциясын 2026-2027 жылдары Жамбыл облысында іске қосу жоспарлануда.

Ірі жобаның техникалық ерекшеліктерін назарға ала отырып, жоба тараптары: девелопер (инвестор) — TotaL Eren француз компаниясы, қазақстандық акционер компаниялар — "Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Бейбітшілік атты жобаны жүзеге асыратын арнайы компания құруды жоспарлап отыр. Инвестор 25 жыл ішінде инвестициялар туралы шарттар мен келісімдерге сәйкес, жобаны іске асыру шеңберінде электр энергиясын сақтау және теңгерімсіздіктерді реттеу жөніндегі механизмдерді іске асыратын болады.

Бейбітшілік жобасы көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына кемінде 2 миллион тоннаға қысқартуға, 250 тұрақты жұмыс орнын, 2 500 уақытша жұмыс орнын құруға, шамамен 820 млрд теңге (1,7 млрд доллардан астам) инвестиция тартуға, сондай-ақ, қосымша 3,6 млрд.кВтсағ "жасыл энергия" өндіруге септігін тигізеді.

"Құқықтық және заңнамалық базаның ашықтығы тиісті уәкілетті органдар мен жеке секторлар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, жаңартылатын энергия көздері мен оларды сақтау саласындағы жаңа технологияларды қазақстандық тарапқа беруге ықпал етеді. 

Жоспарланған шаруашылық және өзге де қызметтің халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал теріс әсерін болдырмау үшін әлеуметтік және экологиялық мониторингті талдау нәтижелері кез келген мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша қолжетімді болады", — деді сенатор Ольга Булавкина.

Сонымен қатар, барлық салық есептеулері қазақстандық заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ірі жобаны іске асыру үшін қажетті технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін әкелу кедендік баждардан босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу