Гандболдан 2021 жылғы әлем біріншілігіне қатысатындар белгілі болды

550

IHF wild card бойынша дүниежүзілік біріншілікке жолдама алған командалар тізімін жариялады.

Гандболдан 2021 жылғы әлем біріншілігіне қатысатындар белгілі болды

Гандболдан 2021 жылғы әлем біріншілігінің wild card иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем біріншілігі 13-31 қаңтар аралығында Мысырда өтеді.

IHF wild card бойынша дүниежүзілік біріншілікке жолдама алған командалар тізімін жариялады. Арнайы жолдаманы Польша және Ресей алды.

Әлем чемпионатына барлығы 32 құрама қатысады. Соның ішінде, біріншілікке қатысатын 30 команда белгілі.

Солтүстік Америкадағы іріктеу турнирі мен гандболдан Кариб конфедерациясы, Оңтүстік және Орталық Америка гандбол конфедерациясында тағы екі жолдаманың тағдыры шешіледі.

Өкінішке қарай, Қазақстан әдемдік біріншіліктің жолдамасынан тыс қалды.

Әлем біріншілігіне қатысатын елдер тізімі: Жарыс иесі: Египет; Қазіргі әлем чемпионы: Дания; Африка: Алжир, Ангола, Кабо-Верде, ​​Конго ДР, Марокко, Тунис; Азия: Бахрейн, Жапония, Катар, Корея Республикасы; Еуропа: Аустрия, Беларусь, Хорватия, Чехия, Франция, Германия, Венгрия, Исландия, Норвегия, Португалия, Испания, Словения, Швеция; Оңтүстік және Орталық Америка: Аргентина, Бразилия, Уругвай; Wild card: Польша, Ресей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу