Гавриленко "Болашақ" бағдарламасына өз есебінен оқу ақысын қайтарады

247

Тағы бір жағымды жаңалық, биыл "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің шәкіртақысы көтерілуі мүмкін. 

Гавриленко "Болашақ" бағдарламасына өз есебінен оқу ақысын қайтарады Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Болашақ халықаралық бағдарламалар орталығының грантын иеленген степендиатты архивтарын ақтарып, төңкеріп тексеруге себепші болған іске нүкте қойылды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын В.Гавриленкоға кепілгер болған журналист әріптесттері, степендиаттың бағдарлама талаптарын өтемегені үшін, оларға қысым болғанын айтқан үндеу жарияланған болатын.

Себебі, Гавриленко В.В.  Ұлыбританияның Ливерпуль университетінде "Стратегиялық коммуникация" мамандығы магистратура бағдарламасы бойынша 2015 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанады.

Бағдарлама талаптары бойынша, әріптестері  М.Дарибаева мен Н.Воробьева грант иегеріне кепілгер болуға келіскен. Грантты иегері Гавриленко В.В., 2016-2017 жылдары академиялық оқудан өткен.

Алайда, елге оралып және Қазақстан аумағында мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттемелерін орындамаған. Істің ақ-қарасы тексеріліп, "Болашақ" Халықаралық бағдарламалары ортылығы АҚ даулы істің шешімін жариялады. 

"Бұрынғы стипендиат В.Гавриленко және кепілгерлер М.Дарибаева мен Н.Воробьевамен резонанстық жағдай заң аясында шешілді. Медиация қорытындысы бойынша В.Гавриленко оқу берешегінің толық сомасын өз еркімен өтеуге міндеттенді. Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрады және Орталық белгілеген тәртіпте қарызды өтеп жатыр" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Халықаралық бағдарламалар орталығы шарттық міндеттемелерді орындаудан ауытқыған және стипендиядан айырылған тұлғалардан мемлекеттік бюджетке қаражатты қайтару жөніндегі жұмысты жалғастыруда. 

Тағы бір жағымды жаңалық, биыл "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің шәкіртақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Халықаралық бағдарламалар орталығының төрағасы айтты.

Әлия Оспанованың сөзінше, бүкіл әлемде шарықтаған инфляцияға қарамастан "Болашақтың" шәкіртақысы соңғы 12 жылда өзгермеген.

Сондай-ақ, сұхбат барысында, пәтерін заңсыз кепілден шығарып, кепілгерлерді шулатып кеткен бағдарлама түлегі ісі сөз болды. Осы істен орталық қандай сабақ алды? "Болашақта" қандай өзгерістер болады? Ағылшын тілін меңгермей-ақ, білім алуға болатын елдер тізімі кеңейгені рас па? Аталған сауалдардың жауабы осы сұхбатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу