Гоа билігі телефон арқылы қолма-қол ақшасыз есептесу жүйесін енгізуде

956

Гоа билігі телефон арқылы қолма-қол ақшасыз есептесу жүйесін енгізуде

Гоа штатының билігі сауда секторын қолма-қол ақшасыз есептесуге көшірмекші. Бұл туралы РБК хабарлайды. Штаттың бас хатшысы Раджеш Кумар Шриваставудың айтуынша,  Үндістанның аталмыш аймағының тұрғындары  барлық  затты "телефонның түймесін басып қалып" сатып ала алады.

"Сатып алынған зат үшін ақша  сатып алушының банктегі есеп-шотынан алынады", – деді ол.

Сауда жасау үшін смартфон қажет емес, барлық операция белгілі бір код арқылы жасалады. Оны адамдар телефонына енгізіп, нұсқаулыққа сәйкес орындаса жеткілікті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу