Голландиялық компания Қазақстанға "Damen Shoalbuster 2709" сүйреуші кемесін жасады

679

Голландиялық компания Қазақстанға "Damen Shoalbuster 2709" сүйреуші кемесін жасады

Голландияның ірі кеме жасаушы ұйымы Damen Shipyards Group "Қазтеңізтрансфлот" ұлттық теңіз кеме жасау компаниясы" ЖШС үшін екі жаңа "Damen Shoalbuster 2709" сүйреуші кемесін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа кемелер компанияға ұлттық флотты қуатты буксирлермен қамтамасыз ету үшін қажет.

"Бұл буксирлер Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы болашақ мұнай-газ кендерін игеру үшін қажет. Суға бату деңгейінің аздығы буксирлерге солтүстік Каспийдің таяз жерлерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ұзындығы 27 метр, ені 9 метр келетін буксирлер солтүстік Каспийдің таяз жерлерінде теңіз нысандары мен кемелерді сүйреу, кемелерге көмектесу, навигациялық көмек көрсету, зәкір жинау және өңдеу сияқты қосалқы кемелердің басқа да функцияларын атқаратын болады", – дейді компания баспасөз қызметіндегілер.

Бұрын "Қазтеңізтрансфлот" компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 3 буксирді жасау және сатып алуға "Al Hilal Ислам банкі" АҚ қаржы құйып жатыр. Үшінші буксирдің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл жайлы үшжақты келісімге 2017 жылдың 4 шілдесінде фирма өкілдері Астанада қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу