Google мен Mozilla қауіпсіздік сертификатын бұғаттады

1435

Танымал браузерлер Қазақстанның цифрлық сертификатын пайдалануды бұғаттайтын болады.

Google мен Mozilla қауіпсіздік сертификатын бұғаттады

Google Chrome, Mozilla Firefox браузерлерін жасаушылар Қазақстан үкіметіне осы браузерлерді қолдана отырып, Интернетке бақылау жүргізу жүйесін құруға тыйым салу шараларын қабылдағандығын хабарлады.

Chrome компаниясы қауіпсіздік сертификатын бұғаттайтындығын айтып, "қорғану үшін пайдаланушылардың ешқандай әрекет жасауы қажет емес. Chromium бастапқы кодында атылмыш сертификат қара тізімге енгізіледі, сондықтан ол Chromium негізіндегі басқа браузерлерге де қосылуы керек" дейді googleblog.com ресурсында. 

Сондай-ақ, осы түбірлік сертификат Mozilla Декларациясының қағидасына қайшы келетіндігі Mozilla Security блогында былай айтылады: "Біздің сеніміміз бойынша, бұл заң біздің пайдаланушыларымыз бен интернет ресурсының қауіпсіздігіне кері әсер етеді және ол Mozilla Декларациясының 4-қағидасына қайшы келеді, онда интернеттегі "Жеке тұлғалардың" қауіпсіздігі мен құпиялығы негізгі назарда болып, қалау бойынша қарастырылмауы керектігі айтылады".

Алайда, Қазақстанда 7 тамыз күні қауіпсіздік сертификатын смартфондар мен гаджеттерге орнату қажет еместігі айтылған еді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу