Компания GoPro-ның Karma дрондарын саудадан кері қайтарып алатынын мәлім етті. Оның себебі аталмыш дрондар ұшу барысында техникалық іркіліске байланысты сөніп қала береді.
– Karma-ны пайдаланушылар оның жұмыс барысында сөніп қалатынын айтып шағымданды, – деді GoPro бас директоры Николас Вудман. Дей тұрғанмен компания өкілі "қауіпсіздік қашан да басты орында" деп отыр.
Компания қондырғының құнын қайтарып беруді ұйғарды. Ал кезекті пилотсыз қондырғыларды шығару ісі олқылықтар жойылған соң жалғасатын болады.
Karma – бұл GoPro шығарған алғашқы пилотсыз қондырғылар. Дрондар саудасы 23 қазанда басталды. Ол сағатына 56 шақырымға дейін қашықтықты еңсереді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу