Гуанчжоуда әлемдегі ең үлкен футбол стадионы салынғалы жатыр. Жобаның құны – 1,7 млрд доллар, деп хабарлайды Atameken Business.
Арена 100 мың орынға шақталған. Құрылыс 2 жылдан соң аяқталуға тиіс. Оның шығынын 8 мәрте чемпион атанған "Гуанчжоу Эвергранд" командасы көтерген. Бұл – Қытайдағы Азиялық лигада жеңімпаз болған жалғыз клуб. Енді осы алаңда аймақтық ірі спорттық шаралар өтетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу