"Ғылым қорының" бұрынғы басшысы 57 млн теңге айыппұл арқалады

1044

Әнуарбек Сұлтанғазин Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорынан пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

"Ғылым қорының" бұрынғы басшысы 57 млн теңге айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық №2 соты "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы болған Әнуарбек Сұлтанғазинге қатысты үкім шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, сот күдіктіні айыпты деп таныған, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

"Сұлтанғазин Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорынан білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін 5000 АҚШ доллары көлемінде апар алды деп айыпталған болатын. Сот Сұлтанғазинге 57 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындап, өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырды", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қрарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу