Хабиб Нұрмагомедов спорттан кетті

391

Хабиб Нұрмагомедов UFC турниріндегі чемпиондық атағын қорғаған соң мәлімдеме жасады. 

 Хабиб Нұрмагомедов спорттан кетті

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов мансабын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабиб Нұрмагомедов UFC турниріндегі чемпиондық атағын қорғаған соң мәлімдеме жасады. Спортшы өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді.

"Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Маған UFC басшылары қоңырау шалып, Джастинмен төбелесетінімді айтқанда, анаммен үш күн бойы ақылдастым. Ол кісі әкем жоқта төбелескенімді қаламады. Бұл менің соңғы айқасым болатынына уәде бердім. Уәде берген соң оны орындаймын. Бүгін UFC турнирімен қоштасамын", – деді Хабиб.

Сондай-ақ спортшы UFC басшылары мен бапкерлеріне, командаластарына алғысын жеткізді.

"Барлықтарыңызға рахмет! Бір ғана айтарым – жақындарыңыздың жанында болыңыздар!", - деп сөзін аяқтады чемпион.

Еске салсақ, Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын екінші раундта жеңген еді. Бұл жолы Хабиб 2018 жылы жеңіп алған чемпиондық белбеуін үшінші мәрте қорғады. Оған америкалық Джастин Гэтжи қарсылас атанды. Алғашқы раундта қос спортшы да белсенді қимылдап, бірнеше дәл соққы жасай білді. Екінші раундта Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын тұншықтыру әдісіне салып, жеңіске жетті. Осылайша, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов 29-жекпе-жегінде озық шықты.

Фото AFP

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу