Хакерлер 2,2 мың рет мемлекеттік жүйелердің осал тұстарын анықтаған

205

BugBounty платформасы арқылы барлығы 2 мыңнан астам кәсіби мамандар жұмылдырылды. 

Хакерлер 2,2 мың рет мемлекеттік жүйелердің осал тұстарын анықтаған Фото: Дзен

Қазақстан аталмыш платформа жұмысын заңдастырып, белгілі бір сыйақыға не ақысыз негізде жүйенің осал тұстары жайлы ақ хакерлердің есебін ала алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салалық ведомство өкілдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - жаһандық цифрландырудың маңызды мәселелерінің бірі. Бұл бағытта бірқатар шаралар қабылданды: ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар процедурасы өзгертілді; осалдықтарды анықтау платформасының (BugBounty) құқықтық мәртебесі белгіленді.

"Бұл тұрғыда Қазақстан заңнамалық деңгейде алғашқылардың бірі болып әлемде жеке сектор кеңінен қолданатын тетікті бекітті. Бұл платформа "ақ хакерлерге" қатысуға және олар анықтаған осалдықтарды белгілі бір сыйақыға беруге жол ашады, ал біздің жағдайда – "электрондық үкімет" платформасында анықталған осалдықтар тегін беріледі", - деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Платформа қазірдің өзінде 2 мыңнан астам киберқауіпсіздік мамандарын біріктірді. Олардан барлығы 2,2 мың есеп келіп түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу