ХҚО қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі

1486

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар да артады. 

ХҚО қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі

Қараша айынан бастап республика бойынша ХҚКО-дағы 8500 қызметкердің жалақысы 30%-ға өседі. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағаливке сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы операторлар, мемлекеттің өкілі ретінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуде күнбе-күн тұрғындармен жұмыс істейді. Кейбіреулер үшін бұл жаңалық болуы мүмкін, бірақ, 648 түрлі қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгерген инспекторлардың жалақысы 70 мың теңге. Әрине, өте аз. Кадрлардың тұрақтамауы, бос жұмыс орындарының көптігі, кадр тапшылығы осыдан туындайды", – деп жазды Асқар Жұмағалив Facebook желісіндегі парақшасында. 

Осы айдан бастап республика бойынша ХҚО-дағы 8500 қызметкердің жалақысы 30%-ға өседі. 
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар да артады. Мемлекеттік корпорацияға (Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан) "құпия сатып алушы" тәсілімен филиалдардың жұмысына талдау жүргізу тәжірибесін қайта қолға алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу