ІІМ жол жүру ережесін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынады

569

Себебі, 9 айда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны ұлғайған.

ІІМ жол жүру ережесін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынады Фото: ortcom.kz

Әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы жылдамдық режимін сақтамау салдарынан болады. Жол көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандарың 4/1 бөлігін жаяу жүргіншілер құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, жолдағы апаттарға көп жағдайда жолды кез-келген тұсынан кесіп өтетін, бағдаршамның жануын күтпей жолдан өтуге ұмтылатын жаяу жүргіншілер себепкер. Ал, тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүргіншілер киімінде жарық қайтаратын элементтер болмауы салдарынан жүргізушілер оларды байқамай қалуы мүмкін.

"Елімізде жаяу жүргіншілердің кесірінен 357 жол-көлік оқиғасы болып. 77 адам қаза тапса, 293 адам жарақат алған. Биыл жол ережесін бұзған 216 мыңнан астан жаяу жүргіншіге айыппұл салынған", -дейді Жандос Мұратәлиев.

ІІМ өкілінің айтуынша, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны соңғы тоғыз айда ұлғайған. Осы мерзім ішінде ішінде кәмелетке толмаған баланың қатысуымен 2378 жол-көлік оқиғасы болып, 181 бала қаза тауып, соның 2826-cы жарақат алған.

Жандос Мұратәлиевтің сөзінше, балаларға жол-қауіпсіздігін оқытуда өзге елдермен салыстырғанда елімізде айтарлықтай айырмашылық бар. Өйткені елімізде жол жүру  қағидаларын оқытуға мектепте өте аз сағат бөлінген. Сондықтан ІІМ Оқу-ағарту министрлігіні жол жүрісі ережелерін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу