2019 жылдың басынан бері iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына 1 млн-нан астам өтінім түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көрсетілген миллион өтінімнің 725 мыңы – 109 нөмірі, 14 742 – WhatsApp және Telegram мессенджерлерінің чат-боттары арқылы, 8 785-і – әкімдік сайты және 2 799-і мобильді қосымша арқылы берілген.
"785 741 өтінім алғашқы қоңыраудан қаралып, шешімін тапты. Бүгінгі күні 172 671 өтінім бойынша жұмыс істелді, ал 6 823 өтінім қаралуда",– делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу