Қазақ поэзиясының Құлагері, Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтың бұрын еш жерде жарияланбаған 18 кітабы табылды. Ол Ресейдің мемлекеттік мұрағат қорларынан шыққан, деп хабарлайды 24.kz.
Құнды жәдігерлерді жас ғалым Елдос Тоқтарбай тапқан. Аталмыш шығармалар жуырда қайтадан басылып шықпақ. Сонымен қатар Жансүгіров өз қолымен жазған 73 құжаттың көшірмесі жасалынды.
Ал Елдостың еңбегі ескерусіз қалмады. Ол І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы атанды.
"Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Ілиясты зерттеу мәселесін болашақта да жалғастырамыз. Ойларымыз, жоспарымыз бар. Құдай амандық берсе, Жансүгірұлын және оның ұрпақтары, құғын-сүргінге ұшыраған жақын туыстары, әкесі және тарагедиялық махаббаты, отбасылық мәселесі де жеке зерттеледі деген жоспарым бар",– дейді Елдос Тоқтарбай.