Интернеттегі жаңалықтар мен виртуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды - Дархан Қыдырәлі

674

Осыған дейін Астанадағы медиа апта туралы жазған болатынбыз.

Интернеттегі жаңалықтар мен виртуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды - Дархан Қыдырәлі

Интернеттегі жаңалықтар мен виртуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды. Бұл туралы “Жаңа дәуір - жаңа медиа” пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп жазады Inbusiness.kz.

Ведомство басшысы пандемиядан кейін алғаш рет осындай форматта жиналып отырғанын тілге тиек етті.

“2021 жылдың деректері бойынша 16-64 жас аралығындағы Интернет пайдаланушылардың 63%-ы Интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланып, осылайша ғаламтордағы жаңалықтар мен виртуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды. Біздің дәстүрлі медиа, әсіресе баспа басылымдары мұны қаперінде ұстауы керек деп ойлаймын”, - деді спикер.

Бұдан бөлек министр “We are social” компаниясының биылғы қаңтар айындағы деректерін мысалға келтірді.

“Әлемде 5,5 млрд адам ұялы телефон қолданады екен. Ал, Интернет қолданушылардың саны 5 млрд-қа жуықтаған. Соңғы бір жылда Интернет қолданушылардың саны шамамен 200 млн-ға өскен. Осы статистикаға жүгінсек, әлем халқының жартысынан астамы телефонға телміріп, желіге байланған болып шығады. Мәселен 2021 жылы ғана 424 млн адам жаңа аккаунт ашып, тіркелген. Бұл күніне орта есеппен 1 млн-нан астам жаңа пайдаланушыға тең деген сөз”, - деді ол.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл көрсеткіштің еселеп артқаны анық.

“Әлемде жиі қолданатын әлеуметтік желілер көшін 3 млрд-қа жуық пайдаланушысы бар Facebook бастап тұр екен. Ашық пікірталас алаңы іспетті Фейсбуктің қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор. Интернет пайдаланушылардың 15 пайызға жуығы Инстаграмды таңдайтын көрінеді. Көпшілік хабар алмасу құралы ретінде пайдаланатын WhatsApp белсенді әлеуметтік желі қызметін атқаруда. Ал, 2021 жылы ең көп жүктелген Tiktok-ты миллиардтан астам адам қарайды екен”, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу