Интернеттегі жарнама мен платформалар туралы заңнамалық негізді белгілеуге жаңа заң әзірлеу ұсынылды

657

Министрлік "Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы" Заңның жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жариялады. 

Интернеттегі жарнама мен платформалар туралы заңнамалық негізді белгілеуге жаңа заң әзірлеу ұсынылды Фото: google

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы заңнамалық негіздерді белгілеуге бағытталған жаңа заң әзірлеуді ұсынады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Интернет-жарнаманың әлемдік экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан сегменттердің бірі екені ерекше маңызды. Жыл сайын интернет-жарнамаға әлемдік шығындар орта есеппен 15%-ға өсіп келеді, ал 2025 жылы болжамды өсім 2020 жылмен салыстырғанда 100%-дан асады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша интернет желісінде ілгерілетуге 491,7 миллиард АҚШ доллары бағытталды, бұл – өсімнің тарихи максимумы (eMarketer мәліметтері бойынша). Қазақстан да бұдан шет қалмайды және интернеттің отандық сегментінде барлық негізгі көрсеткіштің өсуі байқалады. Онлайн-платформалардың әлемдік және ұлттық даму динамикасын, интернет-жарнама құралдарының үнемі жетілдіріліп отыратын алуан түрлілігін ескере отырып, елімізде олардың жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз тиісті түрде қалыптастырылмаған", - делінген консультативтік құжатта.

Ведомствоның мәліметінше, пайдаланушылардың өзара және онлайн-платформалар әкімшілігімен өзара іс-қимылы бөлігінде бірқатар көлеңкелі схема бар.

"Соңғы жылдары отандық контент тек Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде де танымал болғанын атап өту маңызды. Сонымен қатар, медиа кеңістіктегі белсенді өзгеріп жатқан жағдайға және ақпарат көлемінің үнемі өсуіне қарамастан, дәстүрлі медианы қолдау және қорғау қажеттілігі туындайды", - деп жазылған құжатта.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осыған байланысты интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы заңнамалық негіздерді белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеуді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу