Италияның мигранттарға қарсы шешімі дауға ұласты

402

Франция Брюссельді көрші Италияның көші-қон саясатына қатысты туындаған дауға араласып, шешімін шығаруға шақырады.   

Италияның мигранттарға қарсы шешімі дауға ұласты Фото: reuters.com

Жексенбіде Франко-Италия шекарасында Римнің Ocean Viking құтқару кемесіне Сицилия портына кіруге рұқсат беруден бас тартуына жауап ретінде Париж шекараны бақылауды күшейтті. Салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі туындады.

Гуманитарлық кеме теңізде үш аптаға жуық болып, ақыр соңында Францияның Тулон портында қабылданды.

Премьер-Министр Джордж Мелони бастаған жаңа оңшыл үкімет Италия енді Ливиядан контрабандалық қайықтармен келетін заңсыз мигранттар үшін негізгі келу порты болмайтынын айтқан болатын.

Кейіннен Еуропалық Одақтың басқа елдері де мигранттарды өзара бөлу келісіміне қарамастан елдеріне қабылдаудан бас тартты.

"Италия Еуропалық ынтымақтастық механизмінің негізін қалайтын міндеттемені орындамай келеді. Ондай болатын болса, біз қазір Италия аумағында орналасқан 3000 мигрантты қабылдау туралы келісімнің бір бөлігін орындамаймыз", - деді Франция үкіметінің өкілі Оливье Веран.

Дәл осы кезде Франция мен Ұлыбритания Британдық иммиграциялық жүйеге салынған ауыртпалық - биыл Ла-Манш қиылыстарының саны 40 000-нан асқандықтан туындаған дағдарысты шешу үшін тарихи келісім жасады.

Шарт Лондонның Парижге 72 миллион еуро көлемінде төлем бөлуін көздейді. Бұл жағажай патрульдерін күшейтуге, сондай-ақ заңсыз қайықтарды жөнелтілгенге дейін анықтаудың жаңа технологияларын енгізуге көмектеседі, ал Британдық шенеуніктер алғаш рет француз басқару пункттеріне орналастырылады деп күтіледі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу