Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын нығайту үшін "Қорғас" орталығында бірлескен азық-түлік ХАБ-ын құруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Айтуынша, әлемде бұл нарық жиі құбылып тұр. Дегенмен Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға ниетті. Еліміз жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай, 1 жарым миллион тонна ұн тасымалдайды және осы 2 өнімді шығаратын әлемдегі ең ірі 10 елдің қатарына кіреді. Есесіне бау-бақша, азық-түлік тауарларын тұрақты түрде сатып алуға мүдделіміз. Осы ретте бірлескен ХАБ құру 2 мемлекет арасындағы сауда айналымын арттыруға сеп болар еді, дейді Президент.
Расында соңғы 3 жылда "Қорғас" шекара маңындағы ынтымақтастық орталығының жұмысы тұралап тұрды. Оған бірінші кезекте пандемия, екіншіден Қаңтар оқиғасы әсер етті. Сарапшылар мұның басқа да себептері бар, деген ойда.
"Қорғаста өте үлкен инвестициялар салынып жатыр. Сауданы ашық өткізейік деген ынталары бар 2 мемлекет ортасында. Бірақ 1 топ өзінің мүддесі үшін істеліп жатқан істерді өздерінің табыстарынан айрылып қалмас үшін осы порттың оншалықты жұмыс істеуіне мүмкіндік болмай тұр. 0409-0416-2011 жылдағы, одан кейінгі де келеңсіз нәрселер олигархтардың мүддесі үшін естелініп жатыр. 0446-0451Осы мәселені бір жолға қою керек, сонда Харгостың да жұмысы жолға қойылады", - дейді экономист Сапарбай Жобаев.
"Қорғас" - 2005 жылы құрылған шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы. Онда Қазақстан мен Қытайдың кәсіпкерлері 30 күн визасыз жүріп-тұрып, өз өнімдерін өткізе алады. Еркін зонаның ерекшелігі кедендік салық пен тауарлардың бағасы әлдеқайда төмен және сауда жасауға бар мүмкіндік жасалған.
2017 жылы орталыққа "арнайы экономикалық аймақ" мәртебесі берілді. 2018 жылы жалпы құны 14 миллиард доллар болатын тауар айналымы жүрген. Ал 2019 жылы ол 135 миллион долларға бірақ түскен. Былтыр 24 миллиард долларға сауда жасалып, жаңа рекорд орнады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 34 пайызға көп.