Қағаз қалдығын елден шығаруға салынған тыйым БҚО кәсіпкерлеріне тиімсіз болып тұр

1185

Олар  бұрын макулатураны іргедегі Самараға, әрі кеткенде Қазан қаласына таситын. Енді Алматыға немесе Лисаковск қаласына жеткізулеріне тура келеді. 

Қағаз қалдығын елден шығаруға салынған тыйым БҚО кәсіпкерлеріне тиімсіз болып тұр

Оралда қағаз қалдықтарын қабылдап, жинап, тапсырушылар Алматы мен Лисаковск қаласына сабылуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19 ақпандағы бұйрығына сәйкес ел аумағынан қағаз қалдықтары мен картонды, макулатураны шетелге шығаруға 2 жылға тыйым салынған болатын. Мақсат – осы іспен айналысатын кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтып, жұмысын жандандыру. Дегенмен, кәсіпкерлер жаңа бұйрықтың бір қайнауы ішінде деп санайды.

Олар  бұрын макулатураны іргедегі Самараға, әрі кеткенде Қазан қаласына таситын. Енді Алматыға немесе Лисаковск қаласына жеткізулеріне тура келеді. Себебі облыста, тіпті батыс өңірде қағаз қалдықтарын өңдейтін бірде-бір ірі өндіріс орыны жоқ. 

"250 шақырым жерге жеткізген жеңіл ме, 2 мың жарым шақырымға апарған жеңіл ме? Вагон жалдасақ 500-600 мың алады Алматыға. Жүк көліктері де арзан емес. Шығынға батып жұмыс істемейтін шығармыз. Сонда ертең ешкім бұл іспен айналыспайды. Қағаз шашылып, экологиялық проблемаға айналуы да мүмкін", – дейді кәсіпкер Павел Борисов.

Алайда, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қоқыс өңдеу зауытын салу жайы әзірге қағаз бетінде ғана қалып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу