Қай өңірлерде денсаулық сақтау саласына ең көп инвестиция салынған

792

Елімізде денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция бір жылда үштен бірге өскен.

Қай өңірлерде денсаулық сақтау саласына ең көп инвестиция салынған

2020 жылы денсаулық сақтау қауіпсіздігі индексі бойынша рейтингте Қазақстан 195 елдің арасында 55-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміз 100 балдың 46,1 балын жинаған.

Денсаулық сақтау индексі мемлекеттің пандемияға немесе індетке дайындығын ескереді. Индексті бағалау құрамына 6 көрсеткіш енген: түрлі аурулардың алдын алу, ауруларды анықтау және есептілік, жылдам әрекет ету, денсаулық сақтау жүйесі, қаржыландыру, қауіп-қатер тәуекелі.

Қазақстанда әртүрлі ауруларды алдын алу бойынша – 54,9 балл, ауруларды анықтау және есептілік – 29,2 балл, ден қою жылдамдығы – 36,5 балл, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы – 34,6 балл, қаржыландыру – 58,7 балл, қауіп-қатер тәуекелі – 62,9 балл.

Рейтингтің көшбасында АҚШ, Аустралия және Финляндия, соңында Сомали тұр.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Армения мен Ресейдің балы жоғары болды. Тізімде Беларусь 63-орында, Қырғызстан – 68-орында, Молдова – 71-орында, Өзбекстан – 82-орында, Украина – 83-орында, Әзербайжан – 100-орында, Түрікменстан – 119-орында, Тәжікстан – 140-орында.

Пандемия басталғаннан биыл 6 мамырға дейін АҚШ, Үндістан және Бразилияда коронавирус жұқтырудың ең көп дерегі тіркелді, ең азы – Әулие Елена аралында (барлығы 2 дерек).

Қазақстанда жалпы 1,3 млн адам COVID-19 вирус жұқтырған. Рейтингте еліміз 228 мемлекеттің арасында 50-орында тұр.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Ресей мен Украинада коронавирус жұқтыру дерегі ең көп тіркелген, ал Беларусь (981,3 мың дерек), Әзербайжан (792,6 мың дерек), Молдова (517 мың дерек), Армения (422,9 мың дерек), Өзбекстан (238,7 мың дерек), Қырғызстан (201 мың дерек) және Тәжікстанда (17,4 мың дерек) аз. 

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстандағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы күрделі инвестиция бір жылда 37,3% немесе 33,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Инвестицияның ең көп сомасы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 6 млрд теңге, ақшадағы жылдық өсім – 3,2 есе. Үздік үштікке Маңғыстау облысы (5,7 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (3,6 млрд теңге) енді. Ең аз инвестиция Қызылорда облысына тиесілі – 83,8 млн теңге.

Салымдардың негізгі бөлігі кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 17,6 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттен салымдар (2 есе, 9,6 млрд теңгеге дейін) және банк кредиттері (43,4%, 1,8 млрд теңгеге дейін) өсті.

Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен (бір жылда 47,4%, 671,2 млн теңгеге дейін) және банктік емес қарыз қаражаты есебінен (61%, 4 млрд теңгеге дейін) инвестиция көлемінің қысқаруы байқалды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу