Қайрат Боранбаев шартты жазамен бостандыққа шықты

3276

Ол пробациялық бақылауда болады.

Қайрат Боранбаев шартты жазамен бостандыққа шықты Фото: prosports.kz

6 жылға сотталған белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты жазамен бостандыққа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

Бизнесменге қатысты бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған болатын.  

Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.

"Мекеме әкімшілігі сотталғанға пробациялық бақылауды есепке қою және жүргізу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кету туралы нұсқама береді, оған оны сипаттайтын материалдар да жіберіледі", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін ҚР Бас Прокуроратурасы Қайрат Боранбаевқа қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз. 

Наурыз айында соттың үкімі бойынша Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қыркүйек айында судьялар алқасы процессуалдық келісімді бекітіп, оның талаптары бойынша Боранбаев пен басқа да сотталушылар кінәсін мойындады.

Сондай-ақ келтірілген шығынды өтеп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бизнесмен мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды. Қазан айында өз еркімен тағы 30 млрд теңгені мемлекет меншігіне аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу