Қайта өңдеу зауыты жабылып қалуға жақын

1436

Елордадағы көлік дөңгелектерін қайта өңдейтін жалғыз зауыт жабылып қалуға жақын тұр. Кәсіпорын мемлекеттен алған 1 млрд теңгедей несиесін қайтара алмай отыр.

Қайта өңдеу зауыты жабылып қалуға жақын

Борышты өтеуге не кедергі? Жиырмадан артық қызметкерді жұмыстан еріксіз шығаруға не түрткі болды? Atameken Business тілшісі баяндайды.

Ержан Жарылқасынов осыдан он жыл бұрын ТМД-да теңдесі жоқ зауыт ашамын деп мемлекеттен 930 млн теңге несие алған. Көліктің ескі дөңгелектерін қайта өңдеп шикізат өндіріп келген. Кәсіпорын қадамын нық басып дами түскен. Доллар 160-тан 380 теңгеге өскенде шетел валютасымен алынған несие де екі жарым еселеніп, кәсіпкердің бастапқы арманы бір-ақ күнде көзден бұлбұл ұшқан.

"РОП операторы" деген серіктестік бар. Олар бүкіл Қазақстанның қайта өңдеуге жататын қоқысын жинайтын мекеме. Елімізге шетелден су-жаңа көлік дөңгелектері импортталарда, келісім шартта резеңкенің әрбір килограмына 37 теңге төленеді. Себебі, бұл экологиялық қауіпті қоқыс деп саналады. РОП операторы соның 7 теңгесін өздеріне қалдырып 30 теңгесін бізге беруі керек болған. Алайда 2016-жылдан бері бір тиын беріп отырған жоқ. Ал біз 4 мыңдай дөңгелек өңдедік, бізге 120 млн теңге беруі керек болған",­– ­­дейді  зауыттың иесі.

Мұндағы құрылғылардың бәрі Германиядан әкелініп немістердің өздері құрып берген. Осы күнге дейін 20 мың тонна жарамсыз резеңке дөңгелекке екінші өмір беріп келген.

"Осыдан бір жарым жыл бұрын, Бәйтерек қоры, нақты айтатын болсақ инвестициялық қор Қазақстана кредит төлеу бойынша талап-арыз беріп, жаңағы шотын бұаттаған. Сол себептен бұл зауыт 1,5 жыл бойы жұмыс істемей тұр",­ – дейді "Байтақ болашақ" экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртаев.

Алайда зауыттың шотын бұғаттаған Бейтерек Ұлттық холдингіне қарасты инвестициялық қордың өкілін тыңдасақ, кәсіпорын жалпы қарыздың жартысының жартысын да өтемеген. Кәсіпкерге кредитін қайта қаржыландыруға да бірнеше мәрте мүмкіндік беріліпті.

"Біз бұл серіктестікке қолдау көрсетпедік деп айтуға болмайды. 2014-2016 жылдары екі рет қайта құрылымдау, кредитті қайта қаржыландыру жүргіздік. Қарызды қайтару мерзімін создық. Алайда борышкер 1 млрд теңге заим ала тұра, небәрі 4 млн 400 мың теңгені ғана өтеді. Бұл нарық қой, алдың ба қайтар. Қарыз ал деп ешкім мәжбүрлеген жоқ қой",­ деп уәж айтады "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Бекбосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу