Қала тұрғындары 100 пайыз таза сумен қамтылған өңірлер бар

745

Сумен жабдықтау қызметтерімен Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарының қала тұрғындары 100% қамтылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қала тұрғындары 100 пайыз таза сумен қамтылған өңірлер бар

Ал ауылдық елдімекендерді аталған қызметпен қамтамасыз ету бойынша көшбасшылар қатарында Алматы (99,1%), Атырау (99%), Қызылорда (97,8%) және Маңғыстау (96,2%) облыстары бар.

"Жекелеген өңірлерде артта қалушылық байқалады. Ауылдық елдімекендерде ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (83,5%) көрініс тапқан. Қалалық жерде сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша Жамбыл облысы артта қалып отыр (91%)", – деді министр.

Оның айтуына қарағанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету 96 пайыз болды. Оның ішінде қалаларда – 98,1 пайыз, ауылдарда – 93 пайыз.

"Сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін көрсеткіштері төмен және көш соңында қалған өңірлерге басым негізде қаражат бөлінеді. Осы жылы бұл мақсаттарға нақтылауды ескере отырып, республикалық бюджеттен 215 млрд. теңге көзделген, оның ішінде қалаларда – 120 млрд теңге және ауылдық елді-мекендерде 95 млрд теңге", – деді министр.

Оның айтуына қарағанда, бұл жыл қорытындысы бойынша қала халқының 98,5 пайызын, ал ауыл халқының 94,7 пайызын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу