Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға қатысты заң жобасы мақұлданды

753

Заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес негізгі қолдау тетігі қоқыс жағатын кәсіпорындар өндірген электр энергиясын кепілді сатып алу болмақ.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға қатысты заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Құжат тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату көзделеді. Бұл қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға және олардың көмуге жататын көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес негізгі қолдау тетігі қоқыс жағатын кәсіпорындар өндірген электр энергиясын кепілді сатып алу болмақ. Бұл жаңартылатын энергетика саласын қолдаудың қолданыстағы тетігіне ұқсас. Осыған байланысты, заң жобасында Экологиялық кодекс пен "Электр энергетикасы туралы" және "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" заңдарға түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар жергілікті атқарушы органдарды қоқыс жағатын кәсіпорындарды қалдықтардың қажетті көлемімен қамтамасыз етуге міндеттейтін норманы алып тастауды;  Экологиялық кодекстегі жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді қамтитын әлеуметтік инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуі мәселелерін нақтылауды; қолданыстағы заңнамамен және Мәжіліс қарауындағы заң жобаларының нормаларымен үйлестіру мақсатында құқықтық коллизияларды жою туралы және басқа да ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу