Канаданың Онтарио провинциясындағы Ред-Лейк елдімекеніндегі орман өртіне байланысты 3,8 мың тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.
Тұрғындардың жартысы ұшақпен жақын маңдағы елдімекендерге көшірілді. Жалпы, Ред-Лейкте 4,1 мыңға жуық адам тұрады деп тіркелген. Әзірге апаттан зардап шеккендер мен өрттен келген шығын туралы ресми мәлімет жарияланбады.
Жергілікті өрт сөндіру қызметінің дерегіне сүйенсек, орман өрті қаланың маңын шарпыған. Тілсіз жау біртіндеп сол елдімекенге қарай жақындап қалған. Қызыл жалын салдарынан 750 гектар жер жанып кеткен. 11 тамызда 550 гектар жер өртенген болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото:cbc.ca