Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау қалай көрсетіледі?

1932

8 өңірдегі 306 коммерциялық нысан жөндеуді талап етеді.

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау қалай көрсетіледі? Фото: Максим Морозов

Елде қаңтар оқиғасы кезінде алдын ала есептеулер бойынша бизнеске 98,1 млрд теңге көлемінде шығын келген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

"Атамекен" ҰКП дерегінше, Қазақстандағы қаңтар оқиғасы салдарынан 1 863 бизнес субъектісі зардап шеккен. Олар 9 өңірдегі 2 267 объектіде орналасқан. Зардап шеккен бизнес нысандарының басым бөлігі Алматыда (1 610 субъект). Олар 1 977 объектіде орналасқан.

Зардап шеккен бизнес субъектілерінің басым бөлігі сауда сала (1 664 компания), қаржы секторы (88), қоғамдық тамақтану орындары (68), логистика (36) және БАҚ-қа (7) тиесілі.

Үкіметтің цифрлық кеңсесіндегі кеңесте 8 өңірдегі тәртіпсіздіктер кезінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуін талап ететін 306 коммерциялық нысан бары анықталды. Олар Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Алдын ала жүргізілген есептерге сүйенсек, Қазақстан бойынша бизнеске келтірілген залал – 98,1 млрд теңге, оның 97%-ы Алматыға тиесілі.

14 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыдағы шағын және орта бизнес (ШОБ) арасында ең көп залал азық-түлік емес және азық-түлік дүкендеріне тиесілі болды: 20,9 млрд теңге және 5,7 млрд теңге. Сондай-ақ қару-жарақ дүкендері (6,4 млрд теңге), ломбардтар (2,9 млрд теңге) және қоғамдық тамақтандыру орындары (1,8 млрд теңге) қатты зардап шекті.

"Атамекен" ҰКП дерегі бойынша, 17 қаңтардағы жағдай бойынша ең көп зардап шеккен бизнес субъекті – микро және шағын кәсіпкерлік – 1 589. Оның ішінде микро кәсіпкерлік – 675 бизнес субъектісі, шағын кәсіперлік – 914 бизнес субъектісі.

2021 жылғы желтоқсанның басында Алматыда елде тіркелген шағын компаниялардың 27,8%-ы орналасқан. Олардың саны бір жылда 2,5%-ға немесе 131,3 мыңға дейін өскен. Қазақстан бойынша тіркелген шағын компаниялардың саны 4,2%-ға немесе 472,4 мыңға дейін артқан.

Сонымен қатар Алматыда тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 7,1%-ға, 169,8 мыңға дейін өсті, ал ел бойынша олардың саны 4,8%-ға артқан немесе тіркелген жеке кәсіпкерлер саны – 1,3 млн.

Алматыда тіркелген шағын компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы саудада жұмыс істейді.

Алматыда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны бір жылда үштен бірге өсіп, 2021 жылғы үшінші тоқсанның соңында 109,4 мың адам болды. Бұл уақытта Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 3,3%-ға немесе 2,1 млн адамға өсті. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы Алматыдағы үлесі бір жылда 4%-дан 5,1%-ға артқан.

"Төтенше жағдайды енгізу салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары туралы" 10 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес, банктер, микроқаржылық және басқа да ұйымдар ТЖ кезеңінде өсімақылар мен айыппұлдарды есептеуді тоқтатты. 

Сондай-ақ зардап шеккендер 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін өтініш жазып, қарыз алушымен келісім бойынша төлемдердің кейінге қалдыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу