Қарағанды облысында биыл тұрғын үй құрылысы 18%-ға артады

944

Өңірде өткен жылы кезекте тұрғандар үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен тұрғын үй 2019 жылға қарағанда 40%-ға артық берілген.

Қарағанды облысында биыл тұрғын үй құрылысы 18%-ға артады

Қарағанды облысында өткен жылы тұрғын үй құрылысы 4/1-ге ұлғайтылды. Биылғы жылы жоғары жоспарлар қабылданды: көлемдер тағы 18%-ға өсуі тиіс. Алдағы үш жылда тұрғын үй құрылысын миллион шаршы метрге дейін жеткізу мақсаты қойылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

"Тұрғын үй құрылысы - біздің жұмысымыздың маңызды индикаторларының бірі. Өткен жылы кезекте тұрғандар үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен тұрғын үй 2019 жылға қарағанда 40%-ға артық берілді. Біз бұл динамиканы сақтауымыз керек. Үш жылдық кезеңде тұрғын үй құрылысының көлемін миллион шаршы метр деңгейіне жеткізу міндетін алға қойып отырмыз", - деді облыс әкімі.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2020 жылы облыста 529,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - 2019 жылға қарағанда 25,8% өсіммен.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов 2021 жылы облыста тұрғын үй құрылысын 18%-ға арттыру жоспарланғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу