Қарағанды облысында инвестиция көлемі 25,3 пайызға өсті

1400

Қарағанды облысында инвестиция көлемі 25,3 пайызға өсті

Былтыр облыс экономикасында айтарлықтай өсім байқалды. Тауар өндіру көлемі 21,5%, қызмет – 7% өсті. Жалпы аймақтық өнім көлемі – 2,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылғы облыстық экономикалық өсімнің басты драйверін өндірістік, ауыл шаруашылығы, транспорт, қаржылық сектор құрады.

2015 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 4,9% өсті, бұл республика бойынша 2 орын. Саланың орташа айлық өсімі 4,3% құрады.Өндірістегі негізгі өсімнің көзі ретінде өндірістік және өңдеу саласының, сонымен қатар тау-кен өндірісінің өнімдері құрады. Аймақ басшысының айтуынша, 2016 жылдың 6 желтоқсанындағы Индустриаландыру картасы облыстағы өндіріс көлемінің артуына ықпал етті.

Өндірістік өнімдердің көлемі республика бойынша 10,2% құрады. Бұл Атырау облысынан кейінгі 2 орында тұр. Ал өңдеу саласы бойынша – 19,4%-ды құрады. 2016 жылы еңбек өнімділігі 65 мың долларды  құрап, 1 орынды иеленді. 

Ауыл шаруашылығы саласы да белсенді даму үстінде. Ауыл шаруашылығының ішкі өнім көлемі малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы есебінен8,6% өсті. Саланың өрістеуіне 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% өскен инвестиция көлемі де айтарлықтай ықпал етті. 

Экономикалық өсімді қалыптастыруға Бизнестік жол картасы аясында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау айтарлықтай ықпал етуде. Құрылыс саласында 147,8 млрд теңгенің жұмысы орындалған, физикалық көлемнің индексі 2015 жылға қарағанда 87,7% құрады. Аймақ бойынша 340,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Инфрақұрылымды дамыту мен экономиканы қолдаудың басты аспабы ретінде мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы жоспарларды айтуға болады. Экономика және қаржы басқармасының жетекшісі Ольга Чернявскаяның айтуынша, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның аясында 2016 жылы 72,2 млрд теңге немесе 96,5 % игерілді. Сонымен бірге облыс экономикасын дамыту белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға жол ашты. 12 540жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбек ақы 9,4% өсіп, 123,7 мың теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу