Қарағанды облысында су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жалғасуда

479

Аэрациялық жұмыстар Саран су қоймасында жүргізілді.  

Қарағанды облысында су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жалғасуда Фото: gov.kz

Аэрациялық шаралар су объектілерінің табиғи желдетілуін, суды оттегімен қанықтыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Ол үшін мұзда ауа кіретін тесіктер бұрғыланады, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Балықтардың қырылуына қарсы жұмыстарды Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары ұйымдастырды. Сондай-ақ аэрация жұмыстарын жүргізуге Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері арасынан 15 ерікті тартылды.

Осы айда Бұқар жырау ауданындағы бөгетте балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Қарағанды облысында барлығы 201 балық шаруашылығын жүзеге асыратын су айдыны бар. Оның 104-і табиғат пайдаланушыларға тіркелген, ал 97-сі резервтік қорда.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу