Қарағанды облысында жол көлік оқиғасы салдарынан 15 тонна күкірт қышқылы далаға төгілген

1800

Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. 

Қарағанды облысында жол көлік оқиғасы салдарынан 15 тонна күкірт қышқылы далаға төгілген

Оқиға 14 желтоқсан күні Алматы-Екатеринбург жолының бойында орын алған. Жүк көлігі жыраға құлап кетіп, салдарынан цистерналардағы күкірт қышқылы төгілді. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. 

"Алматы-Екатеринбург жолының 995-ші шақырымында, Қарағанды қаласынан 11 шақырым жерде  MAZ жүк көлігі жол бойындағы жыраға құлап кетті. Жол көлік оқиғасының салдарынан алдын ала болжам бойынша 20 шаршы метр аумаққа 15 тонна күкірт қышқылы төгілді", - деп жазылған хабарламада. 

Бұған қоса көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауырлық күйінде деп бағалануда. 

"Оқиға орнында облыстық ТЖД-ның 19 қызметкері мен 4 техника, тәртіп сақшылары мен экология департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу