Қарағандыда қорықшыны атқандарға қатысты екінші сот отырысы өтті

849

32 мен 53 жас арасындағы күдіктілердің үшеуі кісі өлтіргені үшін, ал 4-уі заңсыз аң аулағандары үшін айыпталып отыр.

Қарағандыда қорықшыны атқандарға қатысты екінші сот отырысы өтті

Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін өткен алдын-ала тыңдауда жәбірленуші тарап пен айыпталушы жақ өз ұстанымдарын жеткізді. Осыдан бір ай бұрын қос тараптың талабымен іс қайта қарауға жіберілген болатын. Бұл екінші отырыс.

Жауапқа тартылып жатқандар – Қызылорда облысының жеті тұрғыны. 32 мен 53 жас арасындағы күдіктілердің үшеуі кісі өлтіргені үшін, ал 4-уі заңсыз аң аулағандары үшін айыпталып отыр. Алайда олардың ешқайсы тағылған айыппен келіспейді. Ал жәбірленуші тарап судьядан жазаны күшейтуді сұрап отыр.

"Біздің ойымызша, ұялы телефонмен хабар берсе, Нұрғалиев Ерлан тірі қалушы еді. Ол кісіге көмек болушы еді. Сосын, ДЖПС құрылғысы мен машинаны от алдыратын кілтті алып кеткен. Сонда бұларды әрі қарай мүмкіншіліксіз қалдырып отыр ғой. Бұл жерде нақты қасақана адам өлтіруге ниеттері болды деп біз ойлаймыз",– дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Алмат Қасқырбай.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13-і күні браконьерлермен болған жанжал кезінде Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу