Қызығы сол, олар күні бүгінге дейін қарасора аумағын 1989 жылғы мәліметпен бағамдап келген. Мұндай қадамға өңірдегі зиянкес өсімдік көлемінің нақты болмауы себеп. Цифрлық мүмкіндікке қол жетсе, қиыр даланы кезбей-ақ заң бұзушылықты анықтауға болады. Тіпті жеке аулалардағы көлеңкелі кәсіпті төбеден тінтуге мүмкіндік туады. Бірақ жауаптылардың бұл әдіс-тәсілді аэроғарыш комитетіне бұрын-соңды неге ұсынбағаны қызық.
Есірткіге қарсы күрес мамандары болса, жайқалған қарасора аумағы әлі де 138 мың гектар,- деп есептейді. Бірақ бұл дерек 30 жыл бұрыңғы мәлімет. Содан бері нақты зерттеу жүргізілмей келген. Өзгеріс енсе, жедел шаралардың да жүгі жеңілдемек. Мәселен, былтыр ел бойынша 5 тоннаға жуық қарасора тәркіленген.