Мәскеуде өтіп жатқан каратеден Премьер-лига турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық Ермек Айназаров финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ермек Ямайка, Италия, Австрия және Беларусь спортшыларын жеңіп, жартылай финалда Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері, италиялық Луиджо Бусамен кездескен болатын. Жекпе-жек тең есеппен аяқталғанымен, сенщю әдісін қолданған Ермек финалға жолдама алды.
Ермек Айназаров Азия чемпионы, әлемдік рейтингте 15-ші орында келеді.
Сондай-ақ, 60 келідегі Дархан Асаділов қола медаль үшін өз командаласы Дәулет Шымырбековпен кездеседі. Дәулет жұбаныш кездесуінде румыниялық спортшыны жеңді.