Қаржы вице-министрі Р. Еңсебаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады

657

Қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қаржы вице-министрі Р. Еңсебаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады

Ақпарат көздері жарыса жазып жатқан мәлімет рас па? Лауазымды қызметке былтырғы маусымда тағайындалған оның бұл қызметте болғанына бір жарым жыл толды. Қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліпті-мыс. Руслан Еңсебаев Қаржы министрлдігінің Цифрландыру саласына жауапты.  Сыбайлас жемқорлықққа қарсы агенттік бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.

Ал, министрліктегілер болса оның қазір денсаулығына байланысты демалыста екенін айтты. Бір қызығы дәл қазір тергеу абақтасында отырған  Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары  Олжас Әбішев те ведомоствоның цифрландыру жүйесіне жауапты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу