KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 334,48 теңге

829

KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 334,48 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін USDKZT_TOM, EURUSD_TOM және USDKZT_0_001 қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығы АҚШ-та 24 қараша мерекелік күн (Алғыс күні) болуына байланысты өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 334,48 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 70 050 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2355 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 97 700 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,50 теңгені (-0,98 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 280 150 мың (+56 750 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,0687 % құрады, сауда-саттық көлемі – 248 300 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу