KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллар – 330,01 теңге

1037

KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллар – 330,01 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 330,01 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 68 900 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 (EURKZT_TOD) теңгемен орташа сараланған бағамы 359,73 еңгені құрады, сауда-саттық көлемі 700 мың еуроны құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3055 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 21 400 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,24 теңгені (-1,16  теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 133 100 мың (+40 050 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,2146 %  құрады, сауда-саттық көлемі – 192 200 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1250 %, сауда-саттық көлемі 10 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 29 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу