Кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді

1091

Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында 2002 жылдан бастап әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде ондаған мың әйел оқудан өтіп, жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін ашты. 

Кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді

Бұл туралы ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі конференцияда Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің өкілі М. Исаева айтты.

Мәселен, ресми статистика деректері бойынша, егер 2010 жылы кәсіпкер әйелдердің саны небәрі 73,4 мыңды немесе кәсіпкерлердің жалпы санының 26%-ын құраса, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпкер әйелдердің саны 587,3 мыңға жетті немесе ШОБ-тағы әйелдердің үлесі 43,3%-ды құрады.

"Әйелдер көбіне көтерме және бөлшек саудада жұмыс істейді. Одан кейін жылжымайтын мүлік операциялары, өңдеу өнеркәсібі, қаржылық және сақтандыру қызметтері, білім беру саласы және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерде еңбек етеді", – дейді Исаева.

Ауыл саласындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарына ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу және сақтау, ветеринариялық қызметтер көрсету, сондай-ақ киім, трикотаж бұйымдарын өндіру, қызмет көрсету саласы және басқалар жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу