Кәсіпкерлердің төмен пайыздық несиені алуға кепілдігі жетпейді

1848

Өңдеуші өнеркәсіп ашамын дегендерге 6%-бен несие беріледі. 

Кәсіпкерлердің төмен пайыздық несиені алуға кепілдігі жетпейді

Осындай төмен пайызбен берілетін несиеге қызығушылық көп болғанымен, кәсіпкерлердің кепілдігі жетпейтін көрінеді. Сондықтан бағдарламаға түзету енгізілген, деп хабарлайды Atameken Business.

"Бағдарламаны қабылдаған кезде, кепілдік шарттары қарастырылмаған болатын. Соңғы өзгерістерде кепілдікті 50 пайызға дейін қарастырып отыр. 1,8 млрд-қа дейінгі несиеге мемлекет тарапынан 50 пайыз кепілдік беріледі. Кәсіпкерлер алатын кредит көлемі шексіз. 600 млрд-тан кім қанша алады, банктер бәрін қарастырады",­– дейді Нұр-Сұлтан қаласы Аймақтық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Айта кетсек, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы іске қосылған 6 ай ішінде 600 млрд-тың 50 млрд теңгесі игерілді. 7,7 млрд-тық 4 ірі жоба Нұр-Сұлтанда іске асырылып жатыр. Оның ішінде жатақхана құрылысы, нан пісіру цехы және тағы екі құрылыс нысаны бар. Жалпы, бағдарлама аясында негізінен өңдеуші өнеркәсіпке, оның ішінде азық-түлік пен киім-кешекке басымдық беріліп отыр. Ал қазынаға бұл жобадан 1,1 трлн теңге салық түсіп, 2025 жылға дейін 16 мың тұрақты жұмыс орны  ашылуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу